Астана, Тұран көшесі 34
Күн сайын 850000 жолаушы тасымалы
SPORT SHUTTLE BUS спорттық іс-шараларға қызмет көрсету
Отыратын орындар көбірек
21 елді мекенге қала маңындағы бағдарлар
ASTRA PLAT
ASTRA PLAT

Елордада автобус жүргізушілерін даярлау бойынша арнайы автомектеп ашылды

«Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы негізінде барлық санаттағы, соның ішінде D санатындағы жүргізуші куәлігіне оқытатын автомектеп ашылды.


«Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы негізінде барлық санаттағы, соның ішінде D санатындағы жүргізуші куәлігіне оқытатын автомектеп ашылды. Аталмыш санаттағы жүргізуші куәлігі жолаушыларды тасымалдайтын автобустарды басқаруға мүмкіндік береді, куәлік денсаулығының жарамсыз көрсеткіштері жоқ және 25 жасқа толған адамдарға беріледі.

Орталықтың көп жылғы тәжірибесі бар оқытушылары мен нұсқаушылары D санатындағы көлік құралдарын жүргізудің қыр-сырын үйретеді.

Автомектептің басты мақсаты - қоғамдық көлік жүргізушілерінің тапшылығын қысқарту, автобус жүргізушілерінің орташа жасын төмендету, қажетті мамандықты дәріптеу, қолжетімді ету, беделін арттыру.

Автомектепте жүргізушілер құрамы сапалы деңгейде оқытылады.
Ол жаппай тасымал кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кез келген адам жүргізуші куәлігін және қоғамдық көлікке рұқсат ала алады.

Анықтама«Астана LRT» ЖШС көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігіндегі сервисті және қауіпсіздікті жақсарту мақсатында қазіргі жүргізушілердің біліктілігін арттырумен айналысады. Жұмысқа орналасқанға дейін әрбір ықтимал үміткер Көлік мамандарының біліктілік орталығында оқудан өтеді. Оның барысында жүргізушілердің ЖҚЕ, жүргізу қауіпсіздігі техникасы бойынша білімі тексеріледі, соның ішінде зейін қою деңгейін, реакциясының жылдамдығын және сабырлық деңгейін анықтайтын психологиялық тест өткізіледі. Орталықтың мамандарының ұсынысы бойынша жүргізушіге жолаушылар тасымалына рұқсат беру туралы шешім қабылданады.

Қосымша ақпаратты 270-107, +77758157074 телефондары арқылы алуға болады.
08.08.2019 00:00:00